2023 жылдың 20 сәуірінде Алтынсарин ауданы, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мариям Хакімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінде жол қозғалысы жас инспекторларының 15-ші аудандық слеті өтті. Омар Шипин атындағы ЖББ мектеп оқушылары аудандық жол инспекторлары жасақтарының слетіне қатысты. Отырыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты жақсарту, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару. Омар Шипин атындағы мектеп командасы «Юность» 9 мектеп арасында 4-орынға ие болды. Сондай-ақ «Эрудиттер турнирі» сайысында 3 орынға ие болды. Ал «Қауіпсіз доңғалақ» сайысында 2 орын. Біздің жас жол инспекторларын құттықтаймыз.
Командир-Исабеков Диас
Реттеуші-Керейбаев Жанажан
Велосипедші- Дощанов Алдияр и Достьярова Аселя
Эрудит-Стяжкина Анастасия
Юный санитар-Сеилбекова Роза
Бермагамбетов Ермен
Есиргепов Мансур
Ашимбеков Бахтияр
Абильбаева Анна

















