ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Омара Шипина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
п. Первомайский, ул. Кирова 7
8(71445)22-5-53
shipin@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Омара Шипина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Облыстың барлық мектептерінде «Үндестік» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты – бірыңғай педагогикалық ұстаным негізінде отбасы мен мектептің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруда ата-аналардың белсенді ұстанымын қалыптастыру.

Ата-аналар мен педагогтер ынтымақтастығының жаңа нысандарын енгізуге бағытталған аталмыш «Үндестік» жобасына мектебіміздегі сынып жетекшілерінің де қосып жатқан үлесі толассыз. Сынып жетекшілерге жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі жаңа заман талабы, оның прициптері жүктеліп отырған ауыр жүк екендігі баршамызға белгілі. Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасында туындап жатқан мәселелерге қатысты түрлі формада жұмыстар атқарып, кері байланыс алып, өзінің істеген іс-әрекеттеріне есеп беріп отырады. Міне, біз үшін «Үндестік» жобасының маңыздылығы да осында.

Алдағы уақытта да ата-аналардың білім беру ұйымының әкімшілігімен өзара іс-қимылын жақсарту, педагогтер мен ата-аналардың қызметін көтермелеу бойынша жұмыстарымыздың нәтижесін көреміз деген сенімдеміз. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан бастап қолға алған өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені, бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады.

photo1680081859 3photo1680081859 2photo1680081859 1photo1680081859

 

photo1680081859 4photo1680081859 5

© 2024. Все права защищены.