ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Омара Шипина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
п. Первомайский, ул. Кирова 7
8(71445)22-5-53
shipin@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Омара Шипина отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

zdanie

Мектеп туралы

Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектеп

Мектебіміздің құрылу тарихы тың игеру тарихымен тығыз байланысты. Мұнда 1954 жылы алғашқы тың игерушілер келіп, Первомайское селосының құрылысы басталды. Мектептің қажеттілігі туралы сұрақ туындады.

Подробнее

9

Іздеуді оқып-үйрену

Sed pretium ultricies urna, et vehicula turpis aliquet quis. Morbi quam lacus, auctor vitae urna id, blandit fermentum turpis. Morbi ac est pharetra, ultricies augue at, scelerisque arcu. Nulla in eros vestibulum, auctor nisl non, interdum dui.

Подробнее 

 

7

Тәрбие жұмысы

Curabitur commodo consectetur neque. Sed viverra dolor eget blandit porttitor. Aliquam sed commodo dui, sit amet aliquam dolor. Morbi tortor metus, blandit eu aliquam sed, ornare vitae tortor.

Подробнее

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебінің" сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп сайты-білім беру мекемесін ата-аналармен, әріптестермен, қоғам өкілдерімен байланыстыратын заманауи ақпараттық көпір.  Біздің мектеп  барлығының қарым-қатынасы үшін құрылған  инновациялық кеңістік. 

Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.

Басты мақсаттарымыздың бірі оқушыларымыздың қызығушылығын арттыру, олардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және жан-жақты азамат болып қалыптасуы мақсатында түрлі іс-шараларға қатыстыру болып табылады. Сондай-ақ әр оқушымыз қоғамның ілгері дамуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз.

Сіздерге мектебімізді және біз ұсынатын барлық мүмкіндіктерді жақсы түсінуге көмектесетін жаңа функциямызды ұсынуға қуаныштымыз. Виртуалды тәжірибе арқылы сіз мектебіміздің ерекше мүмкіндіктерін, оның артықшылықтарын көріп, қабылдау талаптары мен үдерісімен жақынырақ таныса аласыз.

 Біздің мектебіміздіңоқушылары мен ұстаздарының жетістіктерімен таныса аласыздар!

Веб парақшамызды жан-жақты зерттеп, мектебімізге де келіп жұмысымызбен жақынырақ танысуға шақырамыз.

  Құрметпен, мектеп басшысы: Кішібай Сағира Қабажайқызы!

 

14
Мамыр
2024

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу болып табылады.

Бала еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері айқындалған.

            Сонымен, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

Сонымен бірге, Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен, оның заңды өкілдерінің бірімен қол қойылған жағдайда, еңбек шарты жасалуы мүмкін:

          1) 15 жасқа толған азаматтар орта білім беру ұйымдарында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда;

            2) оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылар;

            3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

1
Наурыз
2024

 Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Сейдахметова Қ.К. және психолог Амангелдина Г. А. 5-11 сынып оқушыларымен "Қиындыққа тап болсаңыз қоңырау шалыңыз" акциясын өткізді.Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды.

430217050 722308406674183 7248896303387715389 n

19
Ақпан
2024

16 ақпан күні Омар Шипин атындағы ЖББМ "Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы" өтті. 

Мақсаты: жасөспірімдердің өзіне - өзі қол жұмсауы және кәмелетке толмағандарға тұрмыстық зорлық - зомбылық жасау проблемаларында ата - аналарға профилактикалық көмек көрсету. 

428417456 1358237975577474 5157301196017412543 n

31
Қаңтар
2024

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы ұлттық құрылтайдың екінші отырысында "балалар кітапханасы"жобасын іске асыруды тапсырды. "Біртұтас тәрбие", "балалар кітапханасы" жобаларын іске асыру аясында Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Тюлебаева А.С. іс-шаралар жоспарын жасады. Мектеп даярлық сыныбында балалар ғана емес, ата-аналар да қатысқан келесі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы. Кітаппен дос бол» атты сабақ -конкурс  өткізілді. Мақсаты: балаларға мақал-мәтелдер, жұмбақтарды  білуге үйрету. "Сөз-мақал" - бұл адамгершілікке үйрету, ойларды нақты дұрыс білдіру, тапқыр сөйлеу, ойларды салмақты білдіру, ана тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру, сөздік қорын толықтыру. Мектеп кітапханасына экскурсия барысында балаларды қазақ халқының мәдениеттері, салт-дәстүрлері туралы жазылған кітаптармен таныстырды. Сонымен қатар, сыпайылық, мәдениет, бұл тек сәлемдесу ғана емес, мектептегі мінез-құлық, қонақ үйдегі дұрыс мінез-құлық, барлық сыныптастарымен және достарымен. Оқушылар сұрақтар қойып, ашық әңгіме өтті. Сондай – ақ, "Бір отбасы – бір кітап (Бір отбасы-бір кітап)" акциясы, "Орман тарихы" театрлық қызметі, мобильді кітапхананы безендіру және мектепалды даярлық сыныбының кітап бұрышын толықтыру өткізілді. Балалар мен ата-аналарға өткізілген іс-шаралар ұнады. 

31
Қаңтар
2024

Шғын орта "Балапан" тобының тәрбиешілері Есетова Н.К. Хасенов С.Б. Сеилбекова Ж.А.  К"Балалар кітапханасы" жобасы шеңберінде іс-шара өткізді.

Тақырыбы: мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы.
Мақсаты: балаларға жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі оқу, үйрету арқылы ой - өрісін, сөйлеу қабілетін, қиялын , дамыту қызығушылығын дамыту.
Адамгершілікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке, білімділікке тәрбиелеу.

WhatsApp Image 2024 01 30 at 20.25.04  WhatsApp Image 2024 01 30 at 20.25.06  WhatsApp Image 2024 01 30 at 20.25.01  WhatsApp Image 2024 01 30 at 20.25.07 1 WhatsApp Image 2024 01 30 at 20.25.07

31
Қазан
2023

О.Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі "Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында, барлық мектеп оқушылары мен ұстаздары "Әнұран орындау" челленджіне қатысты.

WhatsApp Image 2023 10 23 at 12.32.35WhatsApp Image 2023 10 23 at 12.32.34WhatsApp Image 2023 10 23 at 12.32.33

© 2024. Все права защищены.